Күнді өткізу идеясы балаларды белгілі бір тақырыпқа баулу әдісіне негізделген. Ұжым тәрбие жұмысының түрлі формалары мен әдістерін көрсетуге тырысты.
Музыкалық тәрбие бойынша кіші топта Э.Я. Гец өзінің «Көктемгі саяхат» жұмысының үзінділерін көрсетті.
Тәрбиеші А.М.Малибекова балаларды шығармашылық зертханаға «Пияз – біздің жасыл досымыз» экспериментіне шақырды, өнімді іс-әрекеттер балаларға өз әсерлерін көрсетуге көмектесті.
Мектепалды даярлық топтары тәрбиешілері: А.Е. Спанбетова және Н.А. Вылегжанина танымдық сабақтарды ойын түрінде көрсетті, онда балалар белсене қатысып, білімдеріне қызығып, риза болды.
Тәрбиеші М.В. Смолик «Қазына іздеу» квест-серуенін өткізді, балаларға түрлі тәжірибелер мен эксперименттер ұсынылды. Күн пайдалы, шығармашыл, жағымды болды.
https://ddu-tansholpan.kz/en/news/422-20-04-2022-zhyly-ta-sholpan-b-bekzhajynda-ashy-esik-k-ni-tti-2.html#sigFreeIdf999c93870