2021 – 2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖЫЛДЫҚ МІНДЕТТЕР

 

 

Мақсаты: балалардың физикалық, тұлғалық, зияткерлік, коммуникативтік дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау, негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру, тәрбие мен оқыту сапасын арттыру.

 

1.Бөбекжайдың инновациялық денсаулық сақтау кеңістігіндегі балалардың оңтайлы психофизикалық дамуы, эмоционалдық саулығы, олардың танымдық белсенділігін, функционалдық және бейімделу мүмкіндіктерін арттыру жағдайларын жетілдіру.

 

2.Үйлесімді сөйлеуді дамытудың заманауи технологияларын қолдана отырып, балалардағы коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру бойынша жұмысты жүйелеу.

 

3.Дидактикалық және логикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардағы коммуникативті дағдыларды, логикалық ойлауды дамыту.

 

Әдістемелік тақырыбы: "педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін интерактивті технологияларды, формалар мен әдістерді қолдану"

Мақсаты: педагогтарға интерактивті білім беру технологиялары негізінде кәсіби өсуге, педагогикалық шеберлік пен педагогикалық шығармашылықты дамытуға көмектесу.

Міндеттері:

  1. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында әдістемелік қызметті жетілдіру
  2. Педагогтердің қызметін зерделеу және олардың педагогикалық тәжірибесін енгізу

3.Заманауи педагогқа қажетті кәсіби білім мен дағдыларды дамыту үшін әдістемелік көмек көрсету

4.Тәрбиешілер мен мамандардың заманауи педагогикалық технологияларды (әлеуметтік – ойын, тұлғаға бағытталған, педагогикалық шеберханалар) пайдалану моделін пысықтауы.