«Таңшолпан «бөбекжайы» КМҚК
тамақтану сапасы жөніндегі мониторингтік
комиссияның жұмысы туралы
ақпарат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ Мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу Қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 107-тармағына сәйкес "Таңшолпан "бөбекжайы" КМҚК-да 25.02.2021 жылғы №46 Бұйрығымен тамақтану сапасын мониторингтеу
Мониторингтік комиссияның құрамына кіргендер:
1. Балабақша директоры – А.Н.Танекеева;
2. Ата-аналар комитетінің мүшесі – А.Д. Уразбекова;
3. Ата-аналар комитетінің мүшесі - С. Е Еділбаева;
4. Директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары – Л.В.Искандерова;
5. Медбике – А.К.Стыбаева.
Комиссия жұмыс жоспарын және тамақтану сапасын тексеру кестесін жасады. Сәуір айында тамақтану сапасын бақылау комиссиясы келесі мәселелер бойынша тексеру жүргізді:
1. Апта сайын келіп түсетін азық-түлік өнімдерінің сапасына, жеткізу шарттарына мониторинг жүргізілді (ас блогына азық-түлік арнайы машинада, сақтау мерзімдері белгіленген орамдарда жеткізіледі, мерзімдері сақталады, бұзушылықтар анықталмады)
2. Айына бір рет азық-түлік өнімдеріне СТ-КZ сертификаттарының болуы тексерілді (сертификаттар талаптарға сәйкес келеді).
3. Күн сайын дайын тағамдардың сапасына бағалау жүргізілді (тағамдар мен аспаздық өнімдердің сапасын, дәмін, сыртқы түрін органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып).
4. Күн сайын технологиялық жабдықтың жарамдылығын тексеру жүргізілді.
5. Медицина қызметкері күн сайын негізгі өнімдердің бетбелгісіне қатысып, тағамдардың шығуын, дайындалған тағам көлемінің бір реттік порция көлеміне және балалар санына сәйкестігін тексерді (дайын тағамдар дайындалғаннан кейін 1-2 сағат ішінде топтарға таратылады, ас үйде тұрмайды, порция көлемі нормаға, күнделікті және перспективалық мәзірге сәйкес келеді)
6. Күн сайын ас блогы қызметкерлерінің санитариялық жай-күйіне және жеке гигиена қағидаларын сақтауына бақылау жүргізіледі.
7. Сәуір айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлері өндірістік кантроль жүргізді.
https://ddu-tansholpan.kz/kz/tama-tanu/aktiler.html#sigFreeId20572df56c
РМК жүргізетін өндірістік бақылау
Дайын өнімді коллориясын тексеруге алу, және судың сапасын анықтау