2024 жылдың 14-18 қазан аралығында Қарағанды қаласының Оқу-әдістемелік орталығы рухани-адамгершілік қасиеттерді, негіздер мен құндылықтарды патриотизмді дамыту, өз Отанының патриотын тәрбиелеу арқылы қазақстандық мәдениеттің құндылықтары негізінде тәрбиеленушінің үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыр» мақсатында «Ұлттық мұрам қазынам" атты тарихи сауаттылық апталығының жобасын іске қосты.
«Таншолпан» бөбекжайында» қазақ халқының музыкалық ішекті аспаптары атты тақырыптық аптаның бірінші күні аясында, «Музыкалық киіз үй» түрінде домбыра музыкалық аспабының пайда болуы (сыбызғы, даңғыра, дауылпаз, қобыз, асатаяқ) ұранымен Тарих апталығының ашылуы өтті Fasebook платформасында іске қосылды#umckrg#ұлттықмұрамқазынам хэштегі (балалар саны 45)
Музыкалық қызметке танымдық қызығушылықты тәрбиелеу мақсатында, ересек және мектепалды топтарында «Әуенді тап» байқауы өтті. (балалар саны 25) Музыкалық жетекші Ф. Ж Садуакасова онда балаларға музыкалық аспаптардың дыбысын болжап, өздері жақсы көретін аспаптарда музыкалық шығармаларды орындатты. Балалар бір-бірімен қарым-қатынастан қуаныш алып, шығармашылық белсенділік танытты.
«Шуақ» ересек тобы музыкалық шығармаларды бейнелі түрде қабылдау қабілеті мақсатында «Туған өлкенің музыканттары мен музыкасы» бейнефильмін тәрбиеші А Есей., музыкалық жетекші Ф. Ж Садуакасова жетекшілігімен тамашалады (балалар саны 22)
Тарихи сауаттылық апталығының екінші күні "Туған өлкеде серуендеу" ұранымен өтті. Шығармашылық шеберханада балалардың күз мезгілі және оның дәстүрлі емес сурет салу техникасындағы ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту мақсатында кіші және орта топтар өздерінің суреттерінде, «Біздің қаламыздағы күз» (балалар саны 40) жұмыстарында тәрбиешілер А.А.Ержанова, Б. С. Искакова, Н. У. Мықтыбекова әсерлерін көрсетті.
«Туған жеріңді білесің бе?» ұранымен туған жері Балқашпен танысу және білімдерін бекіту мақсатында ересек топ тәрбиешілері А.Е.Спанбетова, А.Есей ата-аналарымен бірге С.Сейфуллин атындағы кітапханаға, тарихи-өлкетану мұражайына, қала көшелеріндегі ескерткіштерге барды, қаланың есте қалар жерлерінен көрме ұйымдастырды ( балалар мен ата-аналар саны 8)
Экскурсия тәрбиленушілер мен олардың ата-аналарына үлкен әсер қалдырды, балалар мұражай қызметкерінің әңгімелерін ықыласпен тыңдады, кітаптар мен көрмелерге қызығушылықпен қарады. Қорытындылай келе, тарихи ескерткіштердің жанында суретке түсіп, қаладағы есте қаларлық орындардың көрмесін тамашалады.
Тарихи сауат ашу апталығының үшінші күні «Туған өлкеміздің айтулы тұлғалары» ұранымен шара өтті. Ересек және мектепалды даярлық топтарында ғарыш және Қазақстан ғарышкерлері туралы білімдерін кеңейту және байыту мақсатында «Қазақстан ғарышкерлері» іс-шаралары ұйымдастырылды. Балалар ғарышкерлер туралы әңгімелерді үлкен қызығушылықпен тыңдап, бейнероликтерді тамашалап, олар сияқты болғысы келді (балалар саны - 25), тәрбиешілер Ж.Ж.Жагыпберлина, Ж.Ж Жақсыгелдина қаладағы есте қаларлық орындар көрмесін ұйымдастырды.
Төртінші күн «Елорданың көрікті жерлері» ұранына арналды, ересек топта Астананың тарихымен, оның көрікті жерлерімен танысу, патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін дамыту мақсатында «Астана – болашақтың қаласы» атты виртуалды көрініс ұйымдастырылд. Тәрбиешілер М.В Смолик., М.А.Танишеваның жетекшілігімен шығармашылық шеберханада бәйтерек, «Болашақ қаласы» композициясы жасалды (бала саны 25)
Қорытындылай келе, ортаңғы топта «Туған жерге арнаймын» ұранымен тарихи сауат ашу, туған жерімнің көрікті жерлері туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында тәрбиешілер К.И Оспанова., А.Е Спанбетованың жетекшілігімен «Туған жерімнің көрікті жерлері» атты фотокөрме, сұхбат, балалар апта бойы алған білімдерін тиянақтады (бала саны 18)
Қорытынды: «Таңшолпан» бөбекжайында» Тарихи сауаттылық апталығы өтті, әр күннің өз атауы болды. Іс-шаралар формасы, мазмұны бойынша қызықты болды. Тәриеленушілер, педагогтар, ата-аналар өз жұмыстарын шебер ұйымдастырып, өткенді зерттеуге қызығушылықпен қатысты. Іске асыруға 178 бала және 18 ата-ана қатысты. Жалпы, апта сәтті өтті. Қойылған мақсаттар орындалды. Дарынды балалар өздерін дәлелдеуге мүмкіндік алды, ал өздері үшін жаңа қызмет түрін байқап көруге қабілетті болды. Өткізілген іс-шаралардың жүзеге асырылуы Facebook, Instagram, балабақша сайтында орналастырылған.
https://ddu-tansholpan.kz/kz/zhanaly-tar/529-tarikhi-sauattyly-aptaly-y.html#sigFreeIde0497798ab